Құқық – қоғам өмірінің негізі. Заң мен тәртіптің сақталуы адамдардың бейбіт әрі қауіпсіз өмірінің кепілі. Сондықтан Президент пәрменіне сәйкес өңірдегі жоғары және арнаулы оқу орындарда түрлі шаралар ұйымдастырылып келеді. Кезекті кездесуде Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде өтті. Студенттер заң өкілдерімен сұхбат құрып, көкейіндегі сұрақтарды тікелей қойды.