Өңірде грек-рим және қазақ күресінен ел чемпионаттарына іріктеу басталды. Тартысты бәсекеде 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер белдесіп, өзара мықтыны анықтайды. Жарыс қорытындысы бойынша облыс құрамасы жасақталып, спортшылар республикалық байрақты бәсекеде аймақ намысын қорғамақ.