Су тасқыны кезеңіне дайынбыз ба? Облыс әкімі Елек және Қарғалы өзендерінің бойындағы қауіпті учаскелерді, сондай-ақ Сазды су қоймасын қарап шықты. Қазіргі уақытта Елек өзенінің бойында жағалауды нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұдан басқа тәуекел аймағына түскен Ақтөберентген-14, 16, Урожайный, Зеленстрой бау-бақша ұжымдарында еріген қар суын бұру іс-шаралар жүзеге асырылуда. Елек өзенінің Заречный көпірінен Кірпішті көпіріне дейінгі аралықта жағалау бекітіледі. Мердігерге бұл үшін 117 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Ал Сазды су қоймасында су жинақтаушы орынның түбін бөлшектеу, бетон құю және мұз қорғанышын орнату жұмыстары аяқталған. Өңір басшысы жағалауды нығайту жұмыстарының аяқталуын жеделдетуді және неғұрлым осал аумақтарда қорғаныс бөгеттерін салуға кірісуді тапсырды.