2024 жылы облыста 6 мыңнан астам тұрғын үй қолданысқа берілді. Бірақ соған қарамастан, баспана кезегінде тұрғындардың саны азаяр емес. Өңірде 35 мың адам үй кезегін күтіп жүр. Жаңа жылда тағы 1 млн шаршы метр салынады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингке баяндалды.