Кеше түнде Жедел басқару орталығына 40 жастағы ер адамның әйелді кепілге алғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына полиция, төтенше жағдайлар қызметі мен жедел жәрдем бригадасы жетті. 


Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, үш сағат бойы келіссөз жүрген. Алайда ер адам әйелді босатпаған. Сол кезде полиция кепілдегі адамды құтқару операциясын жүргізді. Күдікті қазіргі кезде ұсталды. 


Алайда жәбірленушінің ата-анасы мерт болды.