"Бір күндік емхана" пилоттық жобасы өз нәтижесін беруде. Бағдарлама басталғалы өңірде 7000-ға жуық жүкті әйел тексерістен өткен. Ерте диагностиканың арқасында жатырдағы ұрықты дер кезінде тексеріп, дені сау ұрпақтың өмірге келуіне мүмкіндік туды. Облыстық перинаталдық орталығының жанынан ашылған клиника жаңа жылда заманауи медициналық құрылғылармен толықты.