Ақтөбе медицина орталығына құны 1 миллиардқа жуық жаңа аппарат берілді. Ол - магнитті резонансты томограф. Бұрынғысы істен шығып, науқастар екі жыл бойы жеке емдеу орталықтарында диагностикадан өтуге мәжбүр еді. Енді халық мұндай әуре сарсаңға түспейді.
Жаңа аппарат қашан іске қосылады? Жалпы аймақ медицинасы қандай жабдықтармен толығып жатыр?