Қазақтың мерген қызы Әлия Молдағұлованың ғасырлық мерейтойы батырдың туған жері Қобда ауылында дүркреп өтті. Ал кешкілік қала тұрғындары мен қонақтары "Қазақ халқына мың алғыс" стеласында қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен ауқымды гала-концертті тамашалады. Сондай-ақ бұл кеште ақтөбеліктер алғаш рет дрондар шоуына куә болды.