Өткен жылы облыста 2000-нан астам жасөспірім психологтардың есебіне алынды. Күйзеліс, агрессия, балалардың бойындағы өзге де мазасыздықтар электронды психологиялық күнделік арқылы анықталды.
Олармен дереу мектеп психологтары, "Жан ахуалы" психологиялық қолдау орталығының мамандары жұмыс істеді. Десек те, жеткіншектердің өз-өзіне қол жұмсауы, суицидке ұмтылу деректері тіркелді.
Ерте жүктілік, лудомания, буллинг сияқты проблемалар да күн тәртібіндегі өзекті мәселеге айналып отыр.