Еңбек нарығында мұғалімдер сұранысқа ие. Әсіресе, орыс мектептерінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен сабақ беретін педагогтер тапшы.
Сонымен қатар, қаладағы кәсіпорындар тәрбиеші, аспаз, көлік жүргізуші, кондитер, дәнекерлеуші сияқты мамандықтар бойынша кадрларды іздейді. Ал, дербес компьютер операторы, хатшыларға керісінше сұраныс аз.
Бүгінгі таңда Ақтөбе қаласы бойынша Еңбек.кз порталында 5 мыңға тарта түйіндеме тіркеліп, 85 мекеме 700 бос жұмыс орнын ұсынып отыр.