Жарық сөнсе, жанталасып, қашан жанады деп отырамыз. Бір сағат та күтпейміз. Ал ол кезде ондаған маман қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, электр қуатын үздіксіз тасымалдау үшін бар күшін салады.

Олар мардымсыз жалақыға да, ауа райының қолайсыздығына да қараған емес. Ұшан теңіз еңбегі жай күні елене бермейтін жұмысшылармен арнамыздың түсірілім тобы тілдесті.