Бүгін - қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың ерлікпен қаза тапқан күні. Ақтөбеліктер Отан үшін кеудесін оққа тосқан жерлесіміздің рухына тағзым етіп, ескерткішіне гүл қойды. Биыл мерген қыздың туғанына 100 жыл толады. Аймақ басшысы Асхат Шахаров батыр мерейтойына орай өңірде республикалық деңгейдегі 100 түрлі іс-шара ұйымдастырылатынын айтты. "Әлия" мәдени орталығы мен мемориалды мұражай бой көтереді. Гүлдана Абайқызы тарқатып айтады.