Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі өзгерді. Енді кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейі емес, медиандық табыс есебінен анықталады. Жәрдемақы көлемі артады, сәйкесінше тараптардың да жауапкершілігі көбейеді. Былтыр Ақтөбеде 100-ге жуық көмек алушы жұмыспен қамтылып, 5 адам қайтарымсыз грантқа ие болды. Осылайша, мемлекет қолдауына мұқтаж жандардың қатары азайып келеді дейді мамандар. Әлеуметтік төлем шарттары, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар жайлы келесі бейнематериалда.