Сондай-ақ Мәжіліс депутаттары бүгін өңірдегі Ұлттық ұланның 66/55 әскери бөліміне барды. Бүгінгі ахуалымен танысып, даму жоспары жайында сөз етті. Жауынгерлерінің қызметі және тұрмыс жағдайымен танысты.

Жеке құраммен кездесу барысында құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру, құқық қорғау, әскери қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы мен жауапкершілігін арттыру мәселелері бойынша Заңдарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардан хабардар етті.