Әдебиет әлемінің алдаспанына айналған талант иесі, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауин 84 жасқа қараған шағында өмірден озды. Ол 1965 жылы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің аспирантурасын бітіргеннен кейін алғашқы еңбек жолын "Қазақ әдебиеті" газетінде бөлім меңгерушісі болып бастады. Ал 1967-1971 жылдар аралығында "Жазушы" баспасында бас редактордың орынбасары, кейін нақ осы баспаның бас редакторы болып қызмет етті. Ал 1988 жылдан бастап "Жұлдыз" журналының бас редакторы қызметін атқарды. Бар ғұмырын әдебиет пен тарихқа арнаған сұңғыла ойлы заңғар жазушы бірқатар мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Оның ішінде "Аласапыран" тарихи роман-дилогиясын жазып, жарыққа шығарғаны үшін "Абай" атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді. Сонымен қатар, талант иесінің "Көкмұнар", "Шахан шері" атты романдары мен "Жармақ", "Шыңғыс хан" атты тарихи романдары да халық жадынан мәңгіге өшпейді.