ОҚИТЫН ҰЛТ: КІТАП МАРАФОНЫ - РУХАНИ БІЛІМНІҢ БАСТАУЫ
"Оқитын ұлт" кітап оқу республикалық марафоны аясында, М.Ломоносов атындағы қалалық кітапханада оқырмандар конференциясы өтті. Онда
қатысушылар өздері оқыған шығармаларды әңгімелеп, кітаптың мазмұны мен автордың идеясын талдап айтып берді. Әр оқырман өзі таңдаған шығарманын несімен қызықтырғанын және қандай тағлым алғанын да тілге тиек етті. Басты мақсат - жас буынды кітап оқуға қызықтыру, көркем әдебиетті насихаттау, рухани құндылықтарды дәріптеу.