АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ХОР ҰЖЫМДАРЫНЫҢ БАЙҚАУЫ
Қарттар күніне орай қалада ардагерлер ансамбльдері мен хор ұжымдары арасында шығармашылық байқау өтті. Өнер додасына қала мен аудандардан 12 ұжым қатысып, 180-ге жуық өнерпаз сахнада шеберлігін көрсетті. Жас ұрпаққа өнеге болар өнер иелерінің басын қосқан байқауда ән де шырқалып, көңіл де тербелді.