Былтыр өңірде жалпы сауда көлемі 2 трлн 27 мрлд тегеңі құрады. Сөйтіп сауда көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 214 мрлд теңгеге, яғни, 19 пайызға ұлғайған. Оның ішінде поштамен тапсырыс беру немесе интернет желісі арқылы бөлшек саудада сату сияқты электрондық қызмет түрлері артқан. Биылда осы қызмет түрлерін дамыту басты назарда. Бұл туралы бүгін облыс әкімінің қатысуымен өткен аппарат жиынында айтылды.