2024 жылы Ақтөбе әуежайы 1 млн-ға жуық жолаушыға қызмет көрсеткен. Жаңа бағыттар ашылып, ұшақтар саны өскен. Бүгін өңірге жұмыс сапарымен келген мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов стратегиялық нысанның жұмысымен танысты. Сондай-ақ, астаналық мейман төтенше жағдайлар департаментінің ұжымымен кездесіп, «Жастар тәрбиесі – болашақ ұрпақ нәтижесі» атты облыстық ардагерлер кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты. Гүлдана Абайқызы тарқатып айтады.