Мәжіліс депутаттарының іс-сапары өңірдегі іргелі оқу орындарының бірі Құдайберген Жұбанов атындағы университетінде жалғасты. Мәжілісмендер білім беру саласының үздік мамандарымен жүздесіп, ұсыныстарын тыңдады. Сондай-ақ, аймақты жылу, жарықпен қамтып отырған "Ақтөбе жылу электр орталығы" акционерлік қоғамында болды.