Биыл - жұмысшы мамандықтар жылы. Осыған сай өңірде кәсіптік білім беру жүйесін нығайту мен еңбек нарығы үшін жоғары білікті мамандар даярлауға бағытталған жоспар әзірленді.

Оның аясында биыл кәсіптік-техникалық білім беруді дамыту және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру мәселелері қолға алынбақ.