Мемлекет басшысы 2025 жылды "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жариялады. Өңір халқының жайлы өмір сүруіне жағдай жасап, үздіксіз еңбек етіп жүрген жұмысшылар өңірде жетерлік. Солардың бірі - Данияр Қуанышұлы. Ақтөбеліктерді су және жылумен қамтуға ат салысып жүрген маманмен арнамыздың түсірілім тобы тілдесті.