1 қаңтардан бастап өңірде коммуналдық төлем құны өзгерді. Енді қарапайым тұрғындар сумен жабдықтау қызметіне 1 текше метр үшін 154 теңге 57 тиын төлейді. Ал, заңды тұлғалар мен бюджеттік ұйымдар үшін керісінше тариф бағасы төмендеді. Енді заңды тұлғалар 1 текше метр үшін 429 теңге 95 тиын, бюджеттік ұйымдар 846 теңге 80 тиын төлейді.