Жұмысшы мамандықтар жылында қоғамда еңбекқор және нағыз маман болып қалыптасу идеясын насихаттау көзделген. Жалпы жыл сайын техникалық және кәсіби білімге сұраныс артып келеді. Былтыр сала мамандықтарына мемлекеттік тапсырыс 10 мың орынға артты. Оның ішінде 65 пайызы техникалық мамандықтарға бөлінді. Жыл сайын шамамен 500 ғалым шетелде машықтануға мүмкіндік алады. Шетелде тәжірибесін толықтырған мамандар, жұмысшы салаларда жетістікке жетіп жүрген жастар өңірдегі Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжінде жетерлік.