Республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңі басталды. Білім бәйгесінде 1200 оқушы бақ сынады. Олимпиада қаладағы №56 жалпы білім беретін орта мектебі мен №51 мектеп-гимназиясының базасында өтіп жатыр. Бұл дарынды оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдету, білім алушыларды халықаралық олимпиадаларға қатысуға іріктеу және дайындау мақсатын көздейді, - дейді ұйымдастырушылар.