Қытайда тараған метапневмовирус Қазақстанда да тіркелді. Жұқпалы індет отыздан астам отандасымыздың бойынан анықталды. Өңірде санитариялық-эпидемилогиялық ахуал тұрақты. Ақтөбеліктер арасында жаңа вирус штамын жұқтырғандар жоқ. 


Былтыр эпидемиологиялық маусымда 144 мың адам жедел респираторлы вирусты инфекция жұқтырған. Тұмауға қарсы 109 мың тұрғын вакцина алды. 


Мамандар аурудың ауа тамшылары арқылы тез таралатынын ескерте отыра, бөлмені жиі желдетіп, иммунитет көтеріп, адам көп шоғырланған жерлерге бармауға кеңес береді.