Өңір жолдарына 200 тонна дизель отыны және 6 мың тоннаға жуық инертті материал пайдаланылды. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайырдың айтуынша, автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстауға 46 кәсіпорын жауапты. Олар 500-ден астам техника дайындаған. 38 мың тонна инертті материалдар, 3 мың тоннаға жуық дизель отыны да бар.