Былтыр өңірде жарты тоннаға жуық есірткі заты тәркіленді. Оның 320 тоннадан астамы марихуана. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, барлығы 279 іс тіркелсе, оның 136-сы қылмыстық дерек. Өткен жылы Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қалада жедел іс-шаралар өткізді.

Сол кезде көрші облыс тұрғынынан 10 келіден астам марихуана тәркіледі. Сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, күзде гараж кооперативінде синтетикалық есірткі өндірісінің жасырын зертханасы анықталды.

Зертханадан 3 келіден астам мефедрон тәркіленді. Бұл іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.