Тақырыпты жалғастырайық... Қазіргі уақытта жолды қардан тазалау жұмыстары қаланың 24 учаскесінде жүргізіліп жатыр. Тиісті шараларды қолға алған 18 мердігер мекеме күндізгі және түнгі ауысымда автожолдардың қарын күреп, жиектас маңын тазалауда. Ол үшін 350-ден астам арнайы техника мен 250-ге жуық жұмысшы жұмылдырылған. Ал алдағы уақытта қаланың суға кету қауіпі бар: Мәскеу, Сүт зауыты, Тұрғындар қалашығы сияқты бірқатар аудандарда жаппай қар шығару жұмыстары іске асады.