Өңірде кадрлық ауыс-түйіс. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымына Асқар Жүсібалиев тағайындалды. Білікті маман еңбек жолын сонау 80-ші жылдары бастады. Ауыл шаруашылығы саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, 2011–2024 жылдары аралығында Қобда, Темір, Қарғалы аудандарында әкім болды. Ал 2024 жылдың тамыз айынан бастап бүгінге дейін облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметін атқарды. Сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы тағайындалды. Бұл қызметке Сұлтан Аманчин келді. Жоғары білімді маман еңбек жолын жеке серіктестіктен бастаған. Кейін қаланың жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары, басшысы болды. 2023 жылдың қараша айынан бастап Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.