Медициналық сақтандырылмаған азаматтар скринингтен өте алмайды. Аурудың асқынуына жол бермейтін профилактикалық тексерулер ай сайын жарнасын төлеген тұрғындарға ғана тегін. Сондай-ақ, бұрын скринингке 40-70 жас аралығындағы адамдар шақырылса, бүгінгі күні 30 жастан бастап жоспарлы тексерістен өтуі тиіс. Оның себебін дәрігерлер жастар арасында қан қысымы және қант диабетінің белең алуымен байланыстырады.