Қалада облыстық ардагерлер кеңесінің бастамасымен Қазақстанда атом электр станциясын салу жөніндегі жоспарлар бойынша жария талқылау өтті. Жария талқылауға облыс орталығының тұрғындары, қоғам қайраткерлері мен экологтар қатысты.

Ал Энергетика министрлігінің, «Қазақстандық атом электр станциялары» серіктестігі, Ұлттық ядролық орталық және Ядролық физика институтының өкілдері түсіндіру жұмысын жүргізді.

Талқылау барысында қазіргі атом станцияларының қауіпсіздігі, олардың жұмыс істеу принциптері және қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсер ету деңгейі бойынша мәселелер талқыланды.

Қатысушылар АЭС салу жобасы туралы жұртшылықты одан әрі хабардар етудің және талқылауға азаматтарды белсенді тартудың маңыздылығын атап өтті.