Өңірге жұмыс сапарымен келген Мәжіліс депутаттары Мақсат Толықбай мен Қазыбек Әлішев ауыл аймақты аралап, төтенше жағдай кезінде зардап шеккен ағайынның бүгінгі ахуалымен танысты. 


Ойыл, Қобда, Ырғыз аудандарындағы құрылыс жұмыстарын да көріп шықты. Мәжілісмендер өзге өңірлермен салыстырғанда Ақтөбедегі төтенше жағдайдан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарының қарқынды екенін атап өтті. Дегенмен, баспана салуды қолға алған кейбір мердігер мекемелердің мардымсыз жұмыстарын да сынға алды. 


Адам үшін алдымен баспана қажет, сондықтан жаз бітпей құрылыстың бәрін уақытылы әрі сапалы тапсыруды қадағалайтындарын жеткізді. Облыс орталығында да тұрғындармен жүздесті.