Өңірде "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Тәртіп сақшылары аталған шара аясында 4 күн ішінде 75 қылмыс тіркеген. Облыс аумағында орын алған мұндай қылмыстардың 1 тәулікте 37-сі ашылған. Ал қалғаны әлі де анықталу үстінде. Сондай-ақ, есірткі заттарын заңсыз сақтаудың 2 фактісі және оқ-дәрілерді заңсыз алып жүрудің 6 оқиғасы анықталған. "Мүлдем төзбеушілік" тәртібімен де әшкереленген әкімшілік құқықбұзушылықтар бар.