Қаламызда ұлт-азаттық көтерілісінің қаһармандары Қарағұл Қонақбайұлы мен Әзберген Мұңайтпасұлына арналған ескерткіш - белгі қойылды. Кеңестік кезеңде ел жадынан шыға бастаған тарихи тұлғалардың есімін жаңғыртуды қос батырдың ұрпақтары қолға алған. Ашылу рәсімінде ғалымдар бұл шараның маңызына тоқталып, өнерпаздар ерлік туралы өлең-жыр айтты.