Жол құрылысы материалдарының құрамын тексеру үшін Астанадан арнайы ғалымдар келді. Қазақстан жол-ғылыми институтының мамандары Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің бастамасымен аймақтағы карьерлерді зерттеуді бастаған. Нәтижесі белгілі болған соң бірыңғай жүйеге жариялайды. Бұл ақпарат бәріне қолжетімді болады.