Мейіргер ісіндегі көпсалалы тәсіл. Осындай атаумен өңірлік медицина университетінде халықаралық тәжірибелік конференция өтті.
500 оқытушының басын қосқан ғылыми талқылауда — өңірдегі медициналық көмектің сапасын арттыру, науқастарға күтім жасау үрдістерін оңтайландыру, мейіргер қауымдастығын дамыту мәселелері сөз болды.
Әрі денсаулық сақтаудың әртүрлі салаларының мамандары тәжірибе алмасты. Ал түстен кейін оқу орнының
клиникалық базасында Үздік тәжірибелі орталықтың ашылуы болады.