Өзге өңірлер әлі де қол ұшын созып жатыр. Бүгін ауыр көліктерімен алматылық "Рахым әлеуметтік үйі" қоғамдық қорының өкілдері келді. 


Олар төсек-орын, гигиеналық құралдар және резеңке етіктер табыстады. Бұл көмектің бір бөлігі қазір ахуалы күрделі Ырғыз ауданына жіберіледі. 


Сонымен қатар, Алматыдан заң мамандары да келді. Олар тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға шотты бұғаттан босату, зақым келген мүлікті тізімдеу, бағалау бойынша тегін қызмет көрсетпек.