Бүгін «Алаш» коворкинг орталығында «Табыс жолында» атты мотивациялық кездесу өтті. Онда облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының тұрақты оқырманы Өтеген Нұрмағамбет өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Кеш иесінің өңірге сіңірген еңбегі мен еңбек жолындағы жеткен жетістіктері насихатталды.