Олар өрт ішінде де, тасқын судың ортасында да жүреді. Адамды да, жануарды да құтқарады. Бұл саладағы жандарды ел "бейбіт күннің батырлары" деп атайды. Әңгіме төтенше жағдай қызметкерлері туралы. Қазір төтеншеліктерде жұмыс қызу. Өңірге төнген қауіп әлі сейілген жоқ. Сын сағатта аянбай еңбек етіп жүргендердің бірі - Арыстанғали Мұқанбетсапа.