Өңірге Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр келді. Ол су тасқыны жағдайымен, сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың жұмысты үйлестіру барысымен танысты.

Айтып өтейік, қазір облыста 236 үйді су басқан. Оның 73-і қалада. Барлығы 2800-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Су тасқынына қарсы іс-шараларда төтенше жағдайлар қызметі, әскерилер мен полиция және жергілікті атқарушы органдардан 1700-ге жуық адам жұмылдырылған.