"Ауылымызды тасқын су зардаптарынан қалай құтқарамыз?". Бүгін осындай атаумен қаламызда жиын өтті. Шараға экобелсенділер, қоғамдық кеңес мүшелері және гидротехника мамандары қатысты. Жиында халықты құтқарумен қатар қиын жағдайда қалған тұрғындармен тілдесу, ауылдар санын қысқарту сынды тақырыптар қозғалды.