Қалада балабақша бүлдіршіндері арасында теннистен командалық турнир басталды. Биыл 5—ші мәрте ұйымдастырылған дәстүрлі жарысқа 2018 жылы туған 100—ден астам бала қатысып жатыр. Турнир 2 күнге жалғаспақ. Аталған уақыт аралығында сынға түскен 20 команданың ішінен шыны жүйріктері анықталмақ. Ал жарыс ұйымдастырушылары мақсатымыз — балғындар арасында теннисті насихаттап, ерте жастан спортқа баулу дейді.