Руслан мен Ариана мамандығын мақтаныш тұтып, алғыс арқалаған ақ халаттылар отбасы. Медицина саласында он жылдан астам еңбек етіп келеді. Екеуі де жоғары медициналық колледждің түлектері. Бүгінде ерлі-зайыпты облыстық балалар ауруханасының кардиология бөлімінде абыройлы қызмет етіп келеді.