Белгілі өлкетанушы, музей ісінің ардагері Роза Балдырғарина 79 жасында өмірден озды. Алғашында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарған. Кейін музей саласына ауысты. Саналы ғұмырын өлке тарихын зерттеуге жұмсаған жан.

Осында туып-өскен ол өзгелерге қарағанда өңір тарихын жақсы білетін. Шаһардағы әр ғимараттың кірпіші көз алдында қаланғанын да айтып отыратын. Сондай-ақ Роза Баянқызы Ақтөбе облысының «Естелік кітабы» телевизиялық тарихи-документальді сериалының редакторы.

Фильмде Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері туралы, сондай-ақ 101-атқыштар бригадасының жуынгерлері айтқан естеліктері жинақталған. Телеарна ұжымы марқұмның туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.