Мамырдан бастап кей науқастарға жедел жәрдем бармайды. Төртінші санаттағы шақыруларға емхана жанынан мобильді бригада жұмылдырылып жатыр.
Оның құрамында учаскелік дәрігер, қажет болған жағдайда кардиолог, педиатр және басқа да мамандар бар. Бұл қадам қызмет көрсету сапасын жақсартып, кешігу мәселесін шешеді дейді жауаптылар.
Ескерте кетейік, 103 Call center қызметі бұрынғыша жұмыс істейді.