Еріктілер еңбек ардагерлеріне көмек берді. Олар жалғызбасты қариялардың ауласын тазалап, қолғабыс етті. Қыста қарын, жазда қоқысын шығарып, зейнеткерлердің үй тірлігіне жәрдем беру еріктілер үшін дәстүрлі үрдіс. Бұл жолы "Ардагерлерді ардақтайық" акциясы аясында бірнеше қарт тұрғынға әлеуметтік көмек көрсетті.