Полицейлер қызмет парызын өтеу барысында қаза болған әріптестерін еске алды. Облыстық полиция департаментінде өткен саптық түзеуге жас сақшылар мен сала ардагерлері арнайы шақырылды. Қызмет кезінде көз жұмған ішкі істер орган қызметкерлерінің ескерткішіне гүл қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды.