Қаладағы №70 жалпы білім беретін орта мектепте Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл толуына орай “Жас құтқарушы” кадет класы ашылды.
Салтанатты шарада жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, батылдық пен төзімділікке баулу тақырыбындағы мағыналы әңгімелер айтылды. Кейін кадет класына қабылданған оқушылар ант қабылдау рәсімін өткізді. Аталған сыныпқа оқу үлгерімімен ғана емес, қоғамдық белсенділігімен ерекше көзге түскен дарынды, оқуда озат балалар қабылданды.
Айта кетейік, бұл - білім ордасында қолданысқа беріліп отырған 2-ші кадет класы.