«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының құрылғанына 1 жыл толуына орай, орталықта ата-аналарға арналған ашық есік күні өтті. Шара барысында мұндағы білікті мамандар келушілерге тегін психологиялық кеңес беріп, тренинг өткізді.
Қатысушылар отбасындағы бала тәрбиесіне қатысты маңызды ақпарат та алды. Айта кетейік, аталған орталық жыл ішінде мыңға жуық қызмет алушыға қажетті психологиялық көмек көрсеткен.
Сондай-ақ, мұнда «Үйлесімділік», «Сенім. Тірек. Кеңістік» атты әлеуметтік бағдарламалары тұрақты түрде жүзеге асып келеді.